Қарақыстақ ауылдық округінде «Елдің елдігі -татулық пен бірлікте, ынтымақты тірлікте» атты кездесу өтті

0 6

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Елдік елге байланысты» Форумының аясында қабылданған Үндеудің жергілікті жерде жүзеге асырылуы үшін «Елдің елдігі -татулық пен бірлікте,ынтымақты тірлікте» атты кездесу Қарақыстақ ауылдық округінде өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге Каменка, Тасшолақ, Жалпақсаз, Қазақ ауылдары тұрғындары мен ауыл ақсақалдары, жастар, көпбалалы аналар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ мүшелері, өзге этнос өкілдері қатысты. Кездесуде Үндеу аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу,бала тәрбиесі,жастар тәрбиесі,отбасылық құндылықтарды сақтау,қоғамдағы бірлік пен ынтымақ, дін мәселесі, той мәдениеті туралы келелі мәселелер талқыланды.

Ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы А.Оразбаев БАҚ-тың жастарға пайдасы мен зияны, әлеуметтік желі туралы тың ойларымен бөліссе, «Ауылым-бесігім» ҚБ төрағасы Н.Өсербаев жастардың бос уақытын тиімді пайдалану туралы ұсынысын жеткізді.

Ішкі саясат бөлімі басшысы Л.Ш.Өтеулиева қоғамдық-саяси ахуал,ұлттық бірлік пен татулық, кәсіпкерлікке бейімделу,ұлттық құндылықтарды бойға сіңірудегі отбасы мен ата-ананың рөлі туралы, жастар тәрбиесі мен әдет-ғұрыптардың ұмытыла бастауы, түрлі теріс өзгерістерге ұшырауы туралы тың ойларымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.