Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Елдің елдігі -татулық пен бірлікте,ынтымақты тірлікте» атты кездесу өтті

0 1

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Елдік елге байланысты» форумының аясында қабылданған үндеудің жергілікті жерде жүзеге асырылуы үшін «Елдің елдігі -татулық пен бірлікте, ынтымақты тірлікте» атты кездесу Жаңатұрмыс ауылдық округінде өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге ауылы тұрғындары мен ауыл ақсақалдары,жастар, көпбалалы аналар,бюджеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Кездесуде Үндеу аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу,бала тәрбиесі,жастар тәрбиесі,отбасылық құндылықтарды сақтау,қоғамдағы бірлік пен ынтымақ, дін мәселесі, той мәдениеті туралы келелі мәселелер талқыланды.

Жаңатұрмыс ауылдық мешіт имамы діндегі ысырапшылдыққа жол бермеу,жаназа рәсіміндегі орынсыз әдеттер, ас мәзірін қолдану мәселелерін түсіндіріп, марқұмды жөнелтудегі ысырапшылдыққа әкелетін әрекеттерге тыйым туралы айтты.

Ішкі саясат бөлімі басшысы Л.Ш.Өтеулиева қоғамдық-саяси ахуал,ұлттық бірлік пен татулық, кәсіпкерлікке бейімделу,ұлттық құндылықтарды бойға сіңірудегі отбасы мен ата-ананың рөлі туралы,жастар тәрбиесі мен әдет-ғұрыптардың ұмытыла бастауы,түрлі теріс өзгерістерге ұшырауы туралы тың ойларымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.