Мойынқұм ауданында жол бойында орналасқан асханалардың жұмысына зерделеу жасалды

0 1

Мойынқұм ауданы Биназар ауылындағы жол бойына орналасқан асханалардың жұмысына зерделеу жүргізілді. Мақсат- «Жамбыл облысы аумағында шектеу шараларын енгізу туралы» №3 қаулысындағы талаптарды таныстыру және орындалуын қамту. Арнайы құрылған топ мүшелері, аудан әкімінің орынбасары А.Нәметқұловпен бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар атқаруда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Зерделеу барысында асханалар жұмыс істемей, жабық тұрғанына көз жеткізген топ мүшелері асхана егелерін аталған қаулымен таныстырып, бұл шектеулер ең алдымен өздерінің денсаулықтары үшін керек екендігі түсіндірілді.

Дегенмен қоғамдық тамақтану объектілері иелеріне транзинттік көлік өтетін тас жолы бойындағы асханаларға, қаулының 1.6 тармағына сәйкес жолаушылардың осындай объектіге үй жайларға кірмей, тапсырыстарды шығаруға және жеткізуге , тапсырыс берушілерге өзімен бірге алып кету тәсілімен жұмыс жасауға болатыны түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.