Әулиеата өңірінде балық шаруашылығын дамыту қолға алынады

0 0

Әулиеатада балық шаруашылығын дамыту көзделіп отыр. Бүгін облыс әкімдігінде аталған саланы алға жылжыту үшін арнайы кеңес өтті,-деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Балық өсіру табыс көзі, пайдалы шаруа. Дегенмен бұл салада шешімін таппай тұрған мәселе көп. Мысалы, Жамбыл ауданына қарасты «Сандель» балық шаруашылығының өнімділігі – жылына 10 млн дана шабақ. Қазіргі таңда 4,5 млн шабақ шығарылуда. Оның1,5 млн-ы басқа аймақтардың еншісінде. Тәлімбақтан шабақтарды 425-500 мың теңге аралығындағы қаражатқа сатып алуға болады. Болашақта мұнда шабақтарды 10 млн данаға дейін көбейту және инкубациялық цех құру жоспары бар. Ол үшін 40 га-дай жер және жаңа технология қажет екен. Ал, аймақта балық өсіруге мүмкіндік мол бола тұра, негізгі өнім шеттен келеді.

-Сіздердің ой пікірлеріңізді ескеріп, бағдарламаға өзгеріс енгізу қажет. Содан кейін өңірде балық шаруашылығын дамытқан дұрыс. Ол үшін мемлекеттің қолдауы керек. Сондықтан балықшылар мен билік өкілдері бірігіп, өз ұсыныстарымызды айтайық.Заңға өзгеріс енгізуғ үкімет тарапынан көмек керек болса депутаттарымызды қосайық.Аймақта 121 су айдындары болса, Балқаштың жағасында 18 аумақ бар. 116 су қоймасы мен 80-ге жуық көлдер орналасқан.Қазір 1100-1200 тонна ғана балық дайындалады екен. Жылдан жылға азайып бара жатыр,-деді аймақ басшысы.
Сала өкілдері облыс әкіміне көмек керектігін алға тартты. Сондықтан, ішінара балық түрлерінің тізбесін көбейту, жем бағасын 30 пайызға дейін субсидиялауды және субсидияның жаңа түрлерін қосуды жоспарлап отыр.

Тауарлы балық өсіру –бағдарламаның ең негізгі салалардың тзбесіне кіреді. Балықты өсіріп өткізетін болса 50 пайыздық субсидия қарастырылған.Жаңғырту мен қажетті жабдықтарға да қаражат беріледі. Шабақтарды өсіру үшін берілетін жем де субсидияланады,-дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары Болат Асанбеков.

Балықшылар әкімге көкейкесті сауалдарын да қойып, жауап алды. Ал, 118 су қоймасы бар. Анығын айтқанда, су қоймаларының жартысына жуығы игерілмей жатыр. Оны игеру – халыққа жұмыс, кәсіпкерге табыс, қазынаға салық, тұтынушыға сапалы азық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.