Тараздықтар тіршілік нәрінен тарықпайды

0 4

Тараз қаласында «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында   4 нысанды іске асыруға 1 млрд. 304,0 млн. теңге қарастырылған, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Қомақты қаржыға өткен жылдан қалған Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың құрылысы жүргізілді. Ал «Барысхан» алқабын сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі қараша айының соңында аяқталған.

«Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі мен Ы.Дүкенұлы көшесіндегі су жүйесінің құрылыстары келесі жылға жалғаспақ.

Әкімнен шаһар шетіндегі саяжайлар мен тұрғын алқаптардың инженерлік инфрақұрылыммен қашан қамтамасыз етілетінін сұрадық.

— «Шалғай Қарасу», «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын, «Құмшағал» станциясын және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан 28 саяжайды электрмен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы шықты. Ал, сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға 2021-2022 жылдарға ұсынылатын болады,- деді, Айтқазы Қарабалаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.