Бүгін Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауов бастаған әкімдік қызметкерлері “Спутник V” вакцинасын салдырды, – деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Аудан бойынша вакцина салдыруға ниеттілердің қарасы күн сайын көбейіп отырғанын айтқан жөн. Бұған дәлел, жуалылықтар үшін әзірленген Google алаңындағы өтінімдердің 300-ден асуы болып отыр.