Жамбыл облысында «Хлебный дар» бренді қалыптасуда

0 25

Жеке кəсіпкер Александр Козин тоғыз жылда өзінің «Хлебный дар» нан өнімдері желісін қалыптастырып үлгерді. Қазір оның «Козин А.А.» наубайқанасында нан өнімдерінің 100 түрі дайындалып, Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстарына тасымалданады. Енді Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілмекші, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттегі.

Жеке кəсіпкер Александр Козиннің айтуынша, осы кəсіпті бастамас бұрын ол өзге наубайханаларда жұмыс істеп, тəжірибе жинапты. Сөйтіп «Козин А.А.» жеке кəсіпкерлігін ашып, нан пісіру жəне тарату қызметімен айналыса бастаған. 2012 жылы нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаруды бастағанда қарамағында бірнеше адам жұмыс істесе, қазір жұмысшы саны 100 адамға жеткен.

— Еліміз үшін нан пісіру және кондитерлік тамақ өнеркәсібі маңызды салаларының бірі. Оның даму деңгейі халықтың өміріне әсер етеді және мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіні нығайтады. Сондықтан да тоғыз жыл бұрын осы кәсіпті бастау үшін несие алып жұмыс істедім. Кәсібімді кеңейту үшін жақында Тараз қаласындағы «Даму» қорына жүгінген едім. Қаржы алып, құрал-жабдықтарымды жаңартып, өнім қуаттылығын артырып отырмыз, — дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «ForteBank» АҚ-на қомақты қаржы алған. «Даму» қоры несие бойынша жалпы жылдық 15 пайыздық мөлшерлеменің 9 пайызын субсидиялаған.

Құрал-жабдықтарды жаңартудың арқасында ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, пирожныйлар, пирогтар мен печенье, жеміс торттары, құймақ, вафли сияқты өнімдер пісіріле бастапты.

Кондитерлік цехтың технологы Галина Кнышова құрал-жабдықтардың жаңартылуымен жұмыстың әлде қайда жақсарғанын айтады.

«Наубайхана Тараз қаласының өзінде 30 дүкендер желісімен жұмыс істеуде. Аудандарға да тасымалдап жеткізіп береміз. Одан бөлек, Қарағанды, Шымкент пен Алматы алаларына «Хлебный дар» газелдері күнде барып-келіп тұрады. Енді Нұр-Сұлтан қаласына тасымал ұйымдастырғалы отырмыз. Басқа нан өнімдерін айтпағанда тәулігіне 20 мың бөлке нан пісіріледі», — дейді ол.

Қамыр ашыту цехында Шынар Жылқыбаеваның жұмыс істеп жатқанына бес жыл болыпты.

«Жұмысым өзіме ұнайды. Құрал-жабдықтарды жаңартқалы бері жұмысымыз әлдеқайда жеңілдеп қалды. Тәулігіне үш ауысыммен жұмыс істейміз. Ауысым соңында жұмысшыларға тегін нан береді. Жалақымызды да уақтылы алып отырмыз» дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.