Таразда қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті

0 7

Бүгін «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында Тараз қаласындағы «Достық үйінде» мүмкіндігі шектеулі жандар жасаған бұйымдарды сату жәрмеңкесі өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйытқы болуымен өткен жәрмеңкеде тері, киіз бен жүннен тоқылған заттар, балалар киімдері, бірегей әшекейлер, жұмсақ ойыншықтар, сөмкелер мен аксессуарлар ұсынылды. Ондағы алуан түрлі ою-өрнектермен кескінделген түскиіз, көрпе-жастық, құрақ көрпелерден көз сүрінеді.

Мұндай шаралар ерекше жандардың өздеріне деген сенімді қалыптастарып, кәсіптерін дамытуға үлкен қолдау болмақ.

Іс-шараға партия Тараз қалалық филиалы мен Жамбыл ауданы бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелері мен қала тұрғындары қатысып, қалаған бұйымдарын сатып алды.

Тоқыма өнерін кішкентайынан меңгерген Махмадулоева Дилафруз: «Арманым – тігін, тоқыма өнерінің шебері болу және өзімнің жеке кәсібімді ашсам», деп ағынан жарылды.

Жәрмеңкенің ұйымдастырылуына аса қуанған қатысушылар «Nur Otan» партиясына алғыстарын да айтты.

Айта кету керек, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі Елорда күні мен партияның «30 игі сі» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.