«Казфосфат» ЖШС Бас директоры партия қатарына қабылданды

0 3

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенкулов «Казфосфат» ЖШС Бас директоры Нұрхан Нұрлановты партия қаратына қабылдап, партиялық билет пен төсбелгі табыстады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Өз кезегінде Нұрхан Нұрланов бұл жауапкершіліктің маңызы зор екенін айтып, алдағы уақытта Елбасының партия алдына қойған міндеттері мен бағдарламаларын іске асыруда білек сыбана жұмыс істейтіндігін жеткізді.

Сондай-ақ, мекеме басшысының орынбасарлары да партия қатарына қабылданды.

Төрағаның бірінші орынбасары Астана күні мерекесі қарсаңында партия қатарына қабылданған нұротандықтарды құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.