Өтініш — пікірлер назарға алынды

0 4

Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Бұл шара аудан тұрғындарының көкейінде жүрген өзекті мәселелерін билікке тікелей жеткізіп, шешім табуға мүмкіндік беретін тиімді алаң болды.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, балық шаруашылығы, жол және су мәселелері, ауыл инфрақұрылымын дамыту, жер қатынастарына байланысты сұрақтар қойып, өтініштерін жеткізді. Кездесуге жауапты сала орынбасары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері де қатысып, нақты сұрақтарға жедел жауап беріп, бірер мәселе сол сәтте шешімін тапты. Кейбір өтініштерге сол мезетте тапсырмалар берілсе, бірқатар мәселені зерделеу үшін қосымша уақыт қажет екені айтылып, олар жеке бақылауға алынып, жазбаша жауап берілетін болды.

Айта кетейік, ауданда қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл – тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, жергілікті билік жұмысын халыққа жақындатудың маңызды тетігі болуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.