Жамбыл облысында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті

0 38

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.Отырыста партия Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Рүстем Дәулеттің «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы» міндеттерінің 2016-2017 жылдарында орындалу барысы туралы есебін тыңдалды. Жиынды партия Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бақтияр Алдашов жүргізіп отырды.

Партия Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Рүстем Дәулеттің өзінің жұмыстары туралы баяндамажасады.

— Мәселен, «Дельфин» БПҰ «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында «Жемқорлықсыз өмір» атты карикатуралар байқауы, «Төлебай» БПҰ ұйымдастыруымен №1 гимназия «Жемқорлық және онымен күрестің жолдары» тақырыбына 9-10 сынып оқушылары арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды.«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында адал еңбек және еңбек династиялары ғұрпын насихаттау бойынша 7 іс-шара өтті. «Өзіңнен баста» акциясы аясында партияның қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 39 мүшесі жеке табысы туралы ақпарат жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жемқорлықты болдырмауға бағытталған 47 мақала жарық көрді, — деді Рүстем Рысбайұлы.

Осылайша әкімдік тарапынан жемқорлыққа қарсы бірқатар іс-шаралар атқарылғанына қарамастан, қала әкімдігіне қарасты бөлімдерде 2017 жылы 1 жемқорлық фактісі орын алған.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат Тараз қаласы әкімінің «taraz-gov.kz» ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» парақшасында орналастырылған. Сайтқа орналастырылған мәліметтер тұрақты толықтырылмайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына 2017 жылы жүргізілген ішкі бақылау нәтижесі бойынша білім саласының 2 қызметкері тәртіптік жазаға тартылған, 1 қызметкер теріс қылықпен жұмыстан босатылған деген фактілер анықталып отыр.

Анықталған кемшіліктердің партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кері әсерін тигізетінін ескере келе, партиясының облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес бірнеше ұсыныстар айтты.«Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы қарастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың толық орындалуын қамтамасыз ету,Партия Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер, Партиялық бақылау комиссияларының жұмыс жоспарларын мемлекеттік, салалық бағдарламалардың орындалу барысы, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы, мәселелерімен толықтыру.

Сондай –ақ, жиын соңында өткен жылдың қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» атты Республикалық сурет конкурсына белсенді қатысқаны үшін партия Орталық аппаратының алғыс хатымен Марлен Өсербай –Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп гимназиясының 6 сынып оқушысы марапатталды.

Ал, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудағы үздік мемлекеттік орган» атты облыстық конкурстың жеңімпазы дипломдармен 1-ші орын Жамбыл облыстық Қазынашылық департаменті, 2-ші орын Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті, 3-ші орын Талас ауданының әкімдігі марапатталды.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің алғыс хатымен Алмас Джуматаев — Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы, Медеу Турсымбаев — Тараз қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы, Жомарт Зұлпыхар — облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.