«Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай салтанатты жиын өткізілді

0 1

1 наурыз — «Нұр Отан» партиясының күніне орай партия облыстық филиалының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Онда партияның құрылу тарихы мен атқарған жұмыстары айтылды.

Сонымен қатар, салтанатты жиында партия ардагерлері Қайрат Қасымұлы Шотбақов, Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаевтар сөз сөйлеп, партияның облыста құрылуы туралы жиынға қатысушыларға жеткізді.

Сондай-ақ, жиында партия қатарына жаңадан партияның құрдастары жас ақын Төлеген Сағадинов пен белсенді «жасотандық» Айғаным Аманкелді, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай, спортшы Дархан Сарсенов, «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі Руслан Әбдіманаптарға партия билеттері салтанатты түрде табыс етілді.

Жиын барысында партия жұмысына белсене атсалысып, партияның мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына үлес қосып жүрген Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері, «Қамқор» бастауыш партия ұйымының төрағасы Абай Нұржан, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, «Ұлан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Эльмира Әбдіновалар партия облыстық филиалының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

– Қазіргі таңда облыста партияның 12 филиалы бойынша 337 бастауыш партия ұйымында 70 мыңға жуық партия мүшесі есепте тұр. Осы партия мүшелері тек сандық емес, сапалық жағынан да арта түсті.

Өткен жылы партияға қатарына қабылданған 6598 адамның 1854-і шағын және орта бизнес өкілдері. Бұл кәсіпкерлердің үлес салмағы 28,1 пайызға артып отыр.

Сондай-ақ, экономика және қызмет көрсету саласы бойынша 2728 азамат партия қатарына қабылданды. Бұл көрсеткіш 2017 жылы партия қатарына қабылданғандардың 41,3 пайызын құрап отыр. Партияға қабылданған 2016 партия мүшесі немесе 30,6%-ы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала өкілдері болып отыр.

Өңірде барша партия мүшелерін топтастырып отырған 337 бастауыш партия ұйымы 100 пайыз партиялық кабинеттермен, компьютерлермен және арнайы стендтермен қамтамасыз етілді.

Осындай игі істерді атқаруға «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы Талас ауданының «Аққұм», Жуалы ауданының «Орталық» бастауыш партия ұйымдары жеңімпазы атанды.

Партияның Сайлауалды бағдарламасының өңірде орындалу барысы сегіз комиссияның отырысында қаралып, Орталық және жергілікті органдарға – 217 ұсыныс берілді.

Нәтижесінде берілген ұсыныстардың 169-ы, яғни 77,9 пайызы орындалды. Қалған ұсыныстар мерзіміне сәйкес бақылауда.

2017 жылы партияның Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарына барлығы 5457 өтініш түсіп, оның 2364 немесе 43,3% оң шешімін тауып отыр.

-Жалпы, 2016 жылмен салыстырғанда қоғамдық қабылдауға түскен және толық шешімін тапқан өтініштер саны көбейген. Мысалы, 2016 жылы түскен 4900 өтініштің 1678-і немесе 34,2% оң шешімін тапқан, – деп партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат өз сөзінде партия облыстық филиалының жетістіктерін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.