Жамбыл обылысының аумағында 33 адам суға батып кетті

0 1

Жамбыл облысында өткен жылы 33 адам суға батып кеттіп, олардың басым бөлігі балалар, деп хабарлайды Zhambylnews AA.

«Жамбыл облысы ТЖ департаментінің 2017 жылғы жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері жөнінде» баспасөз конференциясын өткізді. Жиында Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерік Алпысбаев қараусыз қалған балалардың суға кеткенін айтты.

«Облыс аумағында 3 арнайы жасақталған орында шомылу рұқсат етілген: Тараз қаласындағы «Зербұлақ» көлі, Жаңатас және Қаратау қалаларындағы қалалық жағажайлар. Облыстың су айдындарында қайғылы оқиғаларды болдырмау және адамдар өлімінің алдын алу бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, 2017 жылы суға батып кеткен 33 адамның 22-сі бала. Балаларды ата-анасы қараусыз қалдырған», — дейді ТЖД бастығының орынбасары.

2018 жылға қойылған міндеттері жайлыда атап кетті.

— авариялық құтқару жұмыстарын уақтылы және тиімді жүргізуді қамтамасыз ету;

— Әскери және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар тапсырмаларын шешуге АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дайындығын тиісті деңгейдегі ұстау;

— Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру;

— Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған алда алу шараларын жүргізу;

Басқа да маңызды міндеттер – бұл ТЖД және ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің өзлауазымдық міндеттерін сапалы және уақтылы орындау, кәсіптік деңгейлерін көтеру, сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылыққа жол бермеу,- деп сөзін қорытындылады Ерік Алпысбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.