Наурыз мейрамы қарсаңында жалпы қалалық сенбілік өтті

0 25

Таразда  Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта қала аумағын тазалау, көгалдандыру және аумақтарды санитарлық тазалау бойынша сенбілік өткізілді, деп хабарлайды «ЖамбылНьюс» АА тілшісі.

Тараз қалалық  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Айбек Қадыралиев бастаған топ қаланың ірі парктерінің бірінде тазалауды бастап кетті.

Сенбілік басталмай тұрып, ТарМУ, ТарМПУ және ТИГУ тәрізді қалалық жоғары оқу орындарының студенттері аумақтарды тазарту кестесін алып,  өзара тазалау аймақтарын бөліп алды.

Саябақтың  жолдарын сыпыру қыздарға бұйырса, көгалдан шыққан сынған бұтақтардан тазалап, қыс бойы үйілген қоқысты жинау жігіттердің қолына өтті.

Жиналған қоқыс пен сынған бұтақтарды үлкен жүк көліктеріне тиеп, саябақтан алып кетіп жатты.

Бұл сенбілікте  Жамбыл облыстық ауруханасының қызметкерлері де қатысты, олар апта сайын сенбі ауруханаға жақын аймақты тазалайтындықтарын айтып, бізбен бөлісті.

Сондай-ақ, сенбілікке  қалалық коммуналдық қызметтері де араласып, Қ.Рысқұлбеков саябағының қасындағы Әйтиев көшесінің бойында ағаштардың құрғап қалған бұтақтарын кесті.

 «Ауруханада 15 бөлімше  бар, бүгін біздің емдеу мекеменің барлық құрылымдарының қызметкерлері сенбілікке шықты, себебі бұл барлық азаматтар үшін ортақ міндет болып табылады, өйткені облыс орталығы Ұлы Наурыз мейрамы алдында таза, әдемі болуы керек деп есептейміз.Айналаны тазалап, ретке  келтіру — әрбір адамның борышы, сондықтан біз осындамыз », — деді Жамбыл облыстық ауруханасының хирургиялық бөлімінің мейірбикесі Рысты Мыңқырышқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.