«Меркі ет» ЖШС-де құны 100,0 млн.теңгені құрайтын цехті іске қосты

0 13

2017 жылы Меркіде  «Меркі ет» ЖШС-де құны 100,0 млн.теңгені құрайтын ет өнімдерін қаптайтын цехы іске қосылды, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы айтты, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА.

Спикердің айтуынша, 2017 жылы жалпы 100701 га жердің 2595 га егістігі игерілмеген, 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6% артып отыр.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде: 2017 жылы ауданы 937,39 гады құраған 44 жер учаскесі арнайы жер қоры жеріне енгізілді. (2016 жылы ауданы  378,96 га құраған 5 жер учаскесі).

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сату бойынша бойынша 2015-2017 жылдар аралығында жалпы ауданы 1263,57 га жер учаскелері жалпы соммасы 102 828 741 теңгеге сатылды. Оның ішінде 2017 жылы ауданы 11,23 га жер жалпы соммасы 22 747 721 теңгеге сатылған. ( 2015 жылы 956,14 га жер, жалпы соммасы 34 862 988 теңге, 2016 жылы ауданы 296,2 га жер жалпы соммасы 45 218 032 теңге).

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 8 млрд. 809,9 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 155,9% құрады. (2016 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларында — 5 млрд. 489,4 млн.теңгені  құраған).

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан көлемінде жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 4175 (2017 жылдың 1 қаңтарға-3864), оның ішінде жұмыс істейтін орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 4, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 175, жеке кәсіпкерлер – 2598, шаруа қожалықтар – 1398 құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 12579 адам жұмыспен қамтылған.

Ауданымызда кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша, жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды және 38 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Атап айтқанда:

1.»Орталық Азия Қант Корпорациясы» ЖШС Мерке филиалының «Шырынды тазалайтын цехты қайта жанғырту» жобасы. Жоба 2016 жылы 06 ақпанда іске қосылды. Жоба құны – 698,0 млн.теңге. Жылдық қуаттылығы -101 мың тонна өнім шығаруды мақсат етіп, жаңа 18 жұмыс орындары ашылса, осы кәсіпорын 2017 жылы құны – 1014,2 млн. теңгені құрайтын  2 ші жобаны іске асырды. Жаңғыртылған зауыттың жылдық қуаттылығы – 200 мың тонна өнім шығару. Қосымша 20 жұмыс орындары ашылды. 2018 жылы зауыт қалыпты режимде жұмыс істейді деп жоспарлануда.

2017 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 426,4 млн. теңгені құрайтын 16 кәсіпкер 12,5-19% аралығында несие алып, оның 10% мемлекет тарапынан субсидияланып берілді. Оның ішінде бағдарламаның бірінші бағыты банк несие пайзының сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша 259,0 млн.теңгені құрайтын 10 жоба, жетіспейтін инфрақұрылым тарту бойынша 145,0 млн.теңгені құрайтын 2 жоба, мемлекет тарапынан кепілдік беру бағыты бойынша 19,0 млн.теңгені құрайтын 3 жоба және жаңа идеялық бастамаларға мемлекет тарапынан 3 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру бойынша 3,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба іске асырылды.

2017 жылы «Меркі ет» ЖШС-де құны 100,0 млн.теңгені құрайтын ет өнімдерін қаптайтын цехы іске қосылды. Аталған цехта қой тушасының еттері тиісті сүйектерден ажыратылып, 20 кг құрайтын салмақпен бөлек қораптарға салынып, сыртында тиісті ет бөлігінің атауы көрсетіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылдың ІІ-жартыжылдығында ауданда «Са-Ба ЛТД» ЖШС-ның мұнай өнімдерін өңдейтін шағын зауыттың құрылысының жобасы іске асырылады деп жоспарлануда. Жоба құны шашамен 662,0 млн.теңгені (оның ішінде 406,0 млн.теңгесі өз қаражаты және 256,0 млн.теңге дүниежүзілік банктің гранты (жоба инновациялық болғандықтан)) құрайтын болады. Жобаның қуаттылығы бойынша зауыт жылына 39,2 мың тонна таза өнім алуды жоспарлап отыр. (Бензин — АИ92,93 12 тонна, Дизель отыны-23,2 тонна, Мазут «М100» — 4 тонна). Жаңа 80 адамға жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

2017 жылы баға өсімін тежеу мақсатында азық-түлік дүкен иелерімен азық-түлік бағаларына қосылатын үстеме ақыны 10%-дан асырмау туралы 140 меморандумға қол қойылды. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-мен бірлесе отырып, орталық алаңда және «Қарасу» өзенінің жанындағы алаңда 12 рет ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20% төмен саудаланды,- деп айтты аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.