Ұлыс мерекесінде ұлттық өнер дәріптелді

0 14

 Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық филармонияның өнерпаздарымен Тараз қаласының «SMALL», «SULPAK» , «Себет» , «Аристократ» сауда орындарында, «Нұрислам» дүкенінде, үлкен дәріханаларда жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтауды ұйымдастырды.

Облысқа белгілі әншілерден құрылған топ дәстүрлі әндер мен күйлерді халық көп жиналатын жерлерде орындап, өнерлерімен халықты тәнті етті.

Осындай шараларды демалыс күндері Тараз қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Қалалық мәдениет үйінің әншілері «Атакент», «Қайқармет», «SMART», «SULPAK» сауда орындарында ұлттық әндер мен күйлерді қала тұрғындарына тарту етті. .

Құттықтау сөз жазылған аудиожазбалар 12, 30, 32, 40, 47, 55 бағытымен қатынайтын жолушылар көліктерінде, Орталық базарда, «Атакент» сауда орнында, темір жол вокзалында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қойылып тұр.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы мобильдік топ құрамын жасақтап, 19 наурыздан бастап қоғамдық көліктерде жолаушыларды Наурыз мерекесімен құттықтауды ұйымдастыруда.

Мерекелік іс-шаралар легі алдағы күндері жалғасын табатын болады. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.