Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

0 3

Дарын Тұяқов Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды.

Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Ю.В.Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, 1997 жылы — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2007 жылы — Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы — РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша — заңгер-құқықтанушы.

Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған. Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеген. Тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ бас директоры — аппарат басшысы лауазымын атқарған. «Астананың 10 жылдығы», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Үздік Байланысшы» құрметті атағын иеленген.

Дереккөз: egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.