Зейнеткерлер енді жинаған қаржысын бірден ала алмайды

0 0

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған қаражаттарын бірден ала алмайды. Бұдан былай оларға жинаған ақшалары ай сайын төленетін болады. Зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі өзгеріске ұшырайды.

Осы өзгерістерді түсіндіру мақсатында Тараз қалалық зейнетақы қоры филиалында сала мамандары ашық есік күнін өткізді. Оған 200-ден астам қала тұрғыны қатысып,  жинақтарына қатысты сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, іс-шара барысында салымшылар есеп-шоттағы жинақтары және зейнет жасына толған шақта қандай төлемдер алуға құқылы екені жайлы мәліметтерге қанықты.

«Зейнетақы жүйесінің құрылымы туралы білу, түсіну болашақ зейнеткерлерге зейнет жасына алдын ала дайындалуға септігін тигізеді», — деді филиал директоры Жармуханбетов Наурызхан Əзімұлы.

Мамандар қордағы жинақтары үшін салымшылар еш уайымдамаса болады дейді. Өйткені мемлекет қордағы нақты салынған міндетті зейнетақы жарналарын зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, сақтауға кепілдік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.