Футболдан Қазақстан құрамасы тағы да жеңіліс тапты

0 1

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Болгариядан жеңілді, — деп Zhambylnews.kz хабарлайды  Vesti.kz сілтеме жасап.

Ойын венгрдің Фельчута қаласындағы «Панчо Арена» стадионында өтті, есеп — 1:2. Матчтың толыққанды статистикасын мына жерден оқуға болады.

Венгрияға қарсы ойынмен салыстырғанда Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов негізгі құрамда екі өзгеріс енгізді: негізгі қақпашының орнын Владимир Плотников алса, сол қапталдағы қорғаушы ретінде алаңға Гафуржан Сүйімбаев шықты.

Бірінші таймда бір гол соғылды. Оны 24-ші минутта болгар капитаны Ивелин Попов он бір метрлік айып добын орындап, салды. Бұл кезде Гафуржан Сүйімбаев Станислав Манолевке қарсы ойын ережесін бұзған еді.

Үзілісте Стойлов екі рет ойыншы ауыстырды, олардың бірі нәтижелі болды. 55-ші минутта Еркебұлан Тұңғышбаев есепті теңестірді, ал мұның алдында Роман Мұртазаевтың соққысы қақпа бағанасына тиген болатын.

Соғылған голдан кейін де Қазақстан құрамасы тоқтамай, ойында басымдық танытты. Гол соғатын мүмкіндік Мұртазаевта болған — ол асқан жылдамдықпен қарсыласынан озса да, дәл соққы жасай алмады.

Алайда матч Болгарияның жеңісімен аяқталды. Соңғы секундтарда Тұңғышбаев ереже бұзып, айып добы белгіленген, оны қарсылас команданың ойыншысы Николай Бодуров сәтті орындап, гол соғып кетті.

Еске салайық, 23 наурызда Қазақстан құрамасы Будапеште өткен жолдастық кездесуде Венгрияны 3:2 есебімен жеңген еді. Сол матч екі жылға келісімшарт жасасқан Стойловтың ұлттық құрама жетекшілігіндегі алғашқы кездесуі еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.