Таразда «Жайнасын туған өлкеміз!» атты экологиялық жастар акциясы өтті

0 9

Таразда бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінің алаңында облыс аумағын көгалдандыру және абаттандыру мақсатында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне» орай облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жайнасын туған өлкеміз!» атты экологиялық жастар акциясы өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Шара барысында «Талғар аруы» алмұрт ағашының және «Байкен», «Голден делишес», «Ред делишес» алма ағашы сұрыптарынан 150 түп көшет отырғызылды.

Көгалдандыру жұмысына облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов пен облыстың белсенді жастары ағаш отырғызуға, оларды күтіп — баптауға бір кісідей атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.