Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мейірбекұлы айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Шара барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы — «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы ұсынылды. Бұл жоба 2017 жылы басталып, 1810 жас адам 536 әлеуметтік жобаны іске асырған.
«Жобада ерекше басымдылық жұмыс істемейтін және оқымайтын немесе жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінен тыс қалып отырған қатысушыларға беріледі», — дейді жобаны басқару тобының жетекшісі Гүлмира Ескендірова.
Тағы айта кетерлігі, жобаның шеңберінде қазақстандық жастар гранттық конкурсқа қатысуға өтінім бере алатынын, гранттың ең көп сомасы 1 000 000 теңгені құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ, жобаның барлық қатысушылары 60 000 теңге (ЖОО-ның түлектері) және 40 000 теңге (қалған қатысушылар) мөлшерінде ай сайынғы шәкірақыға ие болатынын жеткізді.