Сарысу ауданында орталық аурухана қызметкерлерімен кездесу өтті

0 7

Сарысу ауданында «Әділет кеңес береді» атты азаматтарға арналған бірыңғай қабылдау күні республикалық акциясы аясында партия аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесу барысында аурухана қызметкерлері тарапынан жер қатынастары, салық түсімдері, азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыстары бойынша қойылған сауалдарға тиісті сала мамандары тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Айта кетейік, аталған акцияны партия аудандық филиалы аудандық әділет басқармасымен бірлесе отырып, аудандағы білім беру нысандарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.