Бүгін “AMANAT” партиясы Жуалы аудандық филиалы Ақтөбе ауылдық округі Ақтөбе ауылында мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Мобильді топ құрамында партия аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық деңгейдегі мәслихат депутаттары және жергілікті атқарушы орган өкілдері бар.
Мобильдік топтың мақсаты: шалғай елдімекендердегі жергілікті тұрғындардың ой-пікірін біліп, мұң-мұқтажын тыңдау, сонымен қатар, халықпен етене жақындаса түсу.
Бүгінгі өткен мобильді қоғамдық қабылдауда 15 азамат жеке өтініштерімен қайырылды.
Ауыл тұрғындары қайтарымсыз грант алу, жер алу, жұмысқа орналасу, ауызсу құбырын тарту, тұрғын үй кезегіне тұру сынды өтініштерін білдірді.
Биыл Партияның Жуалы аудандық филиалының Жол картасы аясында Бәйтерек ауылындағы Т. Тастандиев атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтпек. Осы ауылдан халық көптен күткен амбулатория құрылысы басталды. Ең бастысы-жылдар бойы қордаланған Бәйтерек және Жаңаталап ауылдарына ауызсу жүргізу жұмыстары басталмақ. Осы жаңалықтарды да ауыл тұрғындары қуанышпен қабылдады.
Тұрғындардың өтініштерін тыңдаған мобильді топ мүшелері шағым және талап-тілектерді партиялық бақылауға алып, мәселелердің шешілуіне ықпал ететін болады.