Жуалы ауданында білім саласы бойынша 75 бастауыш кәсіподақ ұйымы жүйелі жұмыс істеуде

0 8

10 қазан-Кәсіподақ қызметкерлерінің күні. Мерекеге орай Жуалы ауданында бірқатар кәсіподақ мүшелері марапатталды. Сондай-ақ ауданда 75 кәсіподақ ұйымы құрылып, қазіргі таңда жүйелі жұмыс жасауда,  -деп жазады «ZhambylNews»  АА.
Кәсіподақ ұйымының жұмыстарының басты мақсаты – еңбек адамының әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Президент Жолдауында саяси жаңғырудың өзекті мәселелері, қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек адамына деген құрметті арттыру мәселелері көтерілді. Кәсіподақтар әрдайым адал еңбекті дәріптеп, еңбек құндылықтарын жоғары ұстап келеді.
Кәсіподақтардың тарихы Батыс Еуропа және АҚШ-пен тығыз байланысты. Себебі, бұл ұйым XVIII ғасырдың аяғында осы елдерде пайда болған. Германия мен Еуропаның басқа елдерінде XIX ғасырдың 30-40 жылдары құрылған. Ал, Қазақстанда кәсіподақтар 1905-1907 жылдары өз жұмысын бастады. Жұмысшылардың, қызметкерлердің, ұжымшар еңбекшілерінің әлеуметтік сақтандырылуын басқару қызметі, шаруашылық есептегі санаторий мен демалыс үйлерінің бәрі солардың қарауына берілді. Әрбір кәсіподақ халық шаруашылығының қызметкерлерін біріктіріп, ұйымдаса жұмыс істеуге ықпал етті.
Бүгінде елімізде кәсіподақтар әлеуметтік бастамаларға қолдау білдіріп, рухани бағытта түрлі шаралар ұйымдастырып, еңбеккерлерді лайықты демалысқа жіберумен айналысады.
Аудандағы атқарылған жұмыстар туралы “Жамбыл облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Мәжит Айжанов баяндады.

-Кәсіподақтар қоғамның саясы жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өркендеуі үшін еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын, еңбекшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға әрі көтере түсуге ықпалын тигізу үшін ерекше мәнге ие. Қазақстан кәсіподақтарының Федерациясы қоғамдағы өз орнымен ықпалын сақтап қалған, қатарында екі миллионға жуық, ал салалық білім және ғылым қызметкерлерінін кәсіподағы өз құрамында 620 мыңнан аса мүшесі бар еңбекшілердің ең ірі және беделді ұйымы болып табылады. Ұйымның жетекшілері мен белсенділері еңбек адамының барлық құқықтарын сақталуына жұмыс жасап жүрген қайраткерлер. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 123 мыңнан астам еңбек адамы кәсіподақ мүшелігімен қамтылған болса оның 67 мыңнан астамы білім және ғылым саласының өкілдері. Жуалы аудандық филиалы әлеуметтік әріптеспен бірлесіп 2021-2023 жылдарға жасалған Ұжымдық шартты басшылыққа ала отырып еңбек қатынастарының жоғарғы деңгейде орындалуына қолда бар заңды тетіктерді пайдаланып қызмет атқаруы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек шарты мен Ұжымдық шарттың орындалуына әрдайым лайықты еңбек ортасын қалыптастыруға және әлеуметтік әріптестік аясында еңбек адамына қолайлы әлеуметтік жағдай туғызуға өз ықпалы тигізіп келеді-деді Ол.
Бүгінгі таңда Жуалы аудандық білім мекемелерінде барлығы 75 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған және оларда 4131 мүше қамтылған. Ұжымдық шарттар нәтижесінде білім қызметкерлері бірқатар шипажайларға жеңілдікпен демалуға мүмкіндік алыпты. Шипажайлармен туристік саяхаттарға 765 адам қамтылды, оның ішінде 627-і қызметкерлер,138-і балалар. Биылғы жылды Президентіміз Балалар жылы деп жариялануына байланысты сала қызметкерлерінің балалары да туристік саяхаттарға қамтылған.
Кәсіподақтың ықпалымен «Сарыаағаш», «Манкент», «Жаңақорған», «Мерке», «Мейірім-Мерке», «ГРЭС» «Айша-Бибі», «Жұмбақтас» шипажайлары біздің демалуға барған қызметкерлерге есіктерін айқара ашты. Түркістан, Алакөл, Ыстықкөл бағытындағы туристік саяхаттар ұйымдастырылды.

-Алдағы жоспарлы жұмыстардың бірі – барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына есеп беру-сайлау жиындарын өткізу және аудандық комитетте конференция өткізудегі дайындық жұмыстарын жүргізу. Күнделікті жұмыстарға баса назар аударып, әр бастауыш ұйымның жұмыстарына тыңғылықты көмек беру. Сала қызметкерлері сапалы жұмыс жасау үшін олардың әрқайсысының еңбек жағдайының дұрыс болуын қадағалау-дейді филиал төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.