Сарысу ауданында аппараттық кеңес өтті

0 25
Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Асарлатып үй салу» жобасының іске асырылу барысы туралы» мәселе қаралып, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Аукенов баяндама жасады.
Асарлатқан ағайынның көмегімен 2020 жылы 8 тұрғын үй, 2021 жылы 9 тұрғын үй, 2022 жылы 12 (7 үй және 5 пәтер) тұрғын үй, жалпы жоба басталғалы 29 отбасы баспанамен қамтылды.
Ағымдағы жылы 8 отбасының құрылысына көмек көрсету жоспарланған. Олардың ішінде Жаңата қаласы, Әбілда, Саудакент елді мекендері бойынша 3 жаңа құрылыс және Игілік, Жайылма, Ұйым, Ә. Бүркітбаев, Ұ. Сыздықбайұлы ауылдарында 5 қайта құру жұмыстары бар.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе
а) Пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мен тұрғын үйге берілген жер телімдерін қайтару,
ә) Аукционмен кәсіпкерлік нысанға жер беру көрсеткішінің орындалуы,
б) Қала мен ауыл әкімдерінің тұрғындарға бау-бақша өсіру үшін берген жерлерінің игерілу жағдайы мәселелері қаралды.
Аталған мәселеге байланысты аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Ұзақбеков баяндады.
Аудан бойынша пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлеріне оны пайдалану жөнінде мониторинг бөлім тарапынан үнемі жүргізіліп отырады, нәтижесінде 2021 жылы 44,6 мың га жер аудандық жер қорына қайтарылған.
2022 жылы облыс бойынша 200,0 мың га жерді қайтару жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда аудан бойынша 71,3 мың га жер өз еркімен қайтарылды. (71,1 мың га жайылым, 121,0 га суарылмайтын егістік, 9,0 га шабындық).
2022 жылы 8 рет электронды аукцион өткізіліп, көлемі 0,4012 га құрайтын 6 жер учаскесін 3 жылға жалдау құқығы сатылымға қойылып жер учаскелері 123158 теңгеге сатылды.
2023 жылы 1 рет аукцион өткізіліп, көлемі 0,1 га 1 жер учаскесі 3 жыл жалдау құқығымен 23500 теңгеге сатылды.
Аудан бойынша 2022 жылы бау-бақша өсіру бойынша жалпы көлемі 42,18 га жер учаскесін 109 азамат толықтай игерген.
Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған үшінші мәселе «Автомобиль жолдары бойындағы өртке қарсы минералды жолақтарды (опашка) жасау жұмыстарының барысы туралы» баяндамашы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ж. Танабаев атқарылған жұмыстардың барысына тоқталды.
Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі №70 қаулысының 2 қосымшасына және 2023 жылдың 15 мамыр күнгі №6 аппараттық кеңестің 1 бөлігінің 2 тармақшасына сәйкес, жаз және күз мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында аудан аумағындағы минералданған жолақтарды зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Өртке қарсы жасанды түрде тосқауыл ретінде жасалатын минералды жолақтарды атқарушы органдар мен орман иеленушілерге ені кемінде 4 метр етіп, жол бойына қорғаныш ретінде жүргізілу міндеттелген. Хабарламашы жаз айларының басталуына байланысты аталған жұмыстарды тез арада аяқтау керектігін айтып өтті. Атқарылған жұмыстар барысында орын алған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру керектігіне тоқталды. Әр ауылдық округтердегі кемшіліктерді атап көрсетіліп, алдағы уақытта ретке келтіру тапсырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдап, анықталған бірқатар кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.