Сарысуда оңалту және бейімдеу орталығы ашылды

0 34

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталығы ашылды.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейрманов және қала тұрғындары қатысты.

Айта кету керек, жаңадан ашылған орталықта 2 балалар дәрігері, дефектолог, логопед, психолог мамандары балаларға қызмет көрсетеді.

Орталық заманауи, медициналық оңалту жабдықтарымен қамтылған. Бүгінде, 25 орындық орталыққа 23 бала тіркеліп, емдеу курстарын бастап кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.