Мойынқұмда «Әкем анам және мен» фестивальі ұйымдастырылды

0 12
Мойынқұм ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен “Отбасы күні” мерекесіне орай “Әкем анам және мен спорттық жанұя” аудандық фестивалі өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Ә.Балқыбеков құттықтау сөз сөйлеп, спортпен тұрақты шұғылданып, қолданысқа беріліп жатқан спорт алаңшаларды жиі пайдалану керектігі туралы сөз қозғап, қатысушы жанұяларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар аудан басшысы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс шараларды өткізу орталығына су жаңа 16 орындық JAC автокөлігінің кілтін табыстады.
Тартысты да қызықты өткен ойын соңын қорытындылай келе;
1- орын Мінәха отбасы
2- орын Момынкуловтар отбасы 3- орын Сазанбай отбасы
4- орын Туғанбай отбасы
Жеңіске жетіп, жеңіпаздар “Jastar” дамыту орталығы ЖҚБ-ның арнайы грамота, медаль, ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.