Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжіліс отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
БАҚ өкілдері сарбаздар туыстарынан неге ақша сұрай беретінін, жауынгерлер қалай тамақтанатынын, олар ақшасын қалай және қайда жұмсайтынын сұраған еді. Министр қазір әскерде сарбаздардың картоп тазаламайтынын, ыдыс-аяқ жумайтынын, шаруашылық жұмыстарымен айналысуға олардың уақыты жоқ екенін айтты. Ал, еден жуу — әркімнің өз үйінде істелетін күнделікті шаруасы секілді, әскерде де атқарылатынын айтқан министр жас сарбаздардың неге ақша сұрай беретінін былай түсіндірді:
«Сарбаздардың ағзасы өсіп жатыр. 18-19 жаста көп колория керек. Тіпті тәтті жегісі де келеді. Біздің аумақта дүкендер бар. Сарбаз бірдеңе сатып алуға құқығы бар, – деді Руслан Жақсылықов.