Жағажай волейболынан Жамбыл облысы І-орын иеленді

0 12

Тараз қаласында жағажай волейболынан 2005-2006 ж.т Қазақстан оқушыларының ХI жазғы Гимназиадасы өткізілді , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының спорт кешенінде өткен жарысқа Шымкент, Алматы қалалары және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарының командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында жалпы командалық есепте Жамбыл облысы көш бастаса, Қарағанды облысы ІІ-орынды иеленді. Ал, ІІІ-орынды Қызылорда облысы алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.