Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионды телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
– Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше! – деді Президент.
Айта кетейік, бүгін ел спортының тарихындағы айтулы оқиға болды. Қазақстан қоржынына алғаш рет дзюдодан Олимпиада алтыны түсті. Үшінші мәрте төртжылдықтың бас додасына қатысқан Елдос Сметов финалда Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.