Бұдан былай балабақшадағы бір күннің бағасы – 814 теңге. Балабақшалар мен баланы дамыту орталықтарының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6 пайыз қымбаттады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтер көлемі 13 пайыз өсті.
Балалардың балабақшаға бару саны 862,3 мың болып, 6,8 пайыз өсті.
Балабақша бағасы ең қымбат қала – Астана. Елордада балабақшаның бір күні үшін 1862 теңге төленеді. Бір жылда балабақша бағасы 7,6 пайыз өскен. Балабақша бағасының қымбатталығы бойыншаекінші, үшінші орында Алматы, Шымкент қалалары тұр.
Дереккөз: Baq.kz