Павлодар облысында су тасқыны кезінде 57 елді мекен, 42 автомобиль және бір теміржол учаскесі ерекше бақылауға алынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Былтыр қар жамылғысының қалыңдығы жарты метрге дейін барған. Бүгінгі таңда «Қазгидромет» МКК ұсынған мәліметке сүйенсек, қар жамылғысы орташа статистикалық нормадан 10 пайызға және былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмен. Қалалар мен аудандарда су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп, 407 мың текше метр қар шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есеге кем», — деп облыстық ТЖД бастығының орынбасары Самат Асайынов айтты баспасөз жиында.
Спикердің айтуынша, Баянауыл ауданында жағдай тұрақты. Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының өкілдерімен бірге төтеншеліктер Қарағанды облысының Қаратоқа және Ақжар бөгеттері орналасқан Бұхар жырау ауданын тексеріп шыққан. Ол жақтағы суөткізгіш құбырлары қардан тазартылған.
Су тасқыны кезінде жеке құрамнан 600 техника мен 61 жүзу құралы, 1827 адам дайындалған. Автомобиль жолдарын қардың суы шайып кетудің алдын алу және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жол қызметімен 1 мың 310 суөткізгіш құбыр тазартылады. Бүгінгі таңда 724 құбыр қардан аршылған.
Синоптиктердің болжамынша, үшінші он күндікте орташа есеппен алғанда сынап бағаны түнде -5 тен -15, күндіз — 1, -5 градусты құрайды. Сондықтан биыл қауіпсіз өтеді деген үмітте.