«Қазгидромет» РМК-ның 30 сәуірге арналған ауа райы болжамына сәйкес, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің кей жерінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін.
Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.
Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, найзағай, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл облысында күндіз кей жерінде найзағай, жел 15-23 м/с, бұршақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Дереккөз: Baq.kz