Көшпенділер – көшбастаушы «Мәңгілік ел!»

0 27

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты белгілі еңбегінде қазақ елінің тарихы туралы толғана келіп: «…Мен қазақ болғандықтан, қазақ мемлекеттігінің ғұмыр шежіресін ірге көтерген кезден бастағанның өзінде, қазақтың бес ғасырлық төл тарихын білуге тиіспін.

Бұған қоса бүкіл түркі халықтарының тарихи бесігі – түркі қағанатын естен шығаруға болмайды, ал бұл дегеніміз, асау аттай 1500 жыл бұрынғы тарихи кезең» деп жазды. Елбасының ұлттық тарихымызға деген зор құрмет таныта отырып, туған халқына арнаған ұлағатты сөздері мен сындарлы стратегиялық көзқарасы көп мәселелердің басын ашқандай болды. Ең алдымен Елбасы ұлттық тарихи танымның негізгі бағыттарын айқындай отырып, елдік тарихымыздың мемлекеттік маңызына айрықша назар аударды. Бұл дегеніміз, ең алдымен, Қазақстанның әр азаматын төл тарихын білуге міндеттейді.

Әр халықтың тарихында сан түрлі кезеңі болады: өсу, өркендеу, күйікке ұшырау, күйреу… Осының бәрін басынан өткізген, заманының жақсылығын да жамандығын да көрген келешегі үшін жан аямай күресе білген, ауыр күндерін, басына төнген қауіп-қатерді жеңе білген халықтар ғана тарихта қалады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дер кезінде шыққан құнды дүние болып саналады. Ә.Бөкейханов «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оныңартынан өзі де жоғалуға бейім тұрады», — деп айтып кеткендей. Біздің қазақ халқы ел тарихын таспен жазып кеткен халық. Ұлы бабаларымыздың төл тарихындағы ұлы жетістіктеріне атқа міну мәдениеті, киім кию мәдениеті, ежелгі металлургияны өңдеу, аң стилі феномені, алтын адам, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдағымызды дәріптеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Ұлы даланың ашылмаған сан қырларына ашық санамен қарап саралау бізге жүктелген үлкен аманат. Дана халқымыз айтып кеткендей, «Бағалағанға бақ қонады, қуанғанға құт қонады» деуі осы мақалаға айтылғандай.

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман-тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз мәңгілік.

Ата-бабаларымыз аңсаған асу армандарға тәуелсіз елдің ұрпақтары жетті. Көшпенділер – Көшбастаушы Мәңгілік елге айналды.

Ф.ғ.к., доцент Жазира Абдуалиева

Leave A Reply

Your email address will not be published.