Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты ой-пікір

0 156

Жалпы, қазақ тарихы – жан-жақты тарих. Қазақ мәдениеті – жан-жақты мәдениет. Даланың қағандары мен хандары, билері мен батырлары, сардарлары мен сарбаздары, салдары мен серілері, тарих мұңын жоқтаған жырау да, табиғат мұңын шаққан сазгер де, сөз саптаған шешен де, найза ұстаған көсем де бола білген. Соған орай халық та осы сарбаздарын, ақындарын, сазгерлерін, шешендерін, көсемдерін шексіз құрметтеген, еркелеткен. Оларға еліктеген, таланттарына тағзым етіп, дарындарына қошемет көрсеткен.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болатынын атап өткен президент төмендегідей жобаларды ұсынды:

1) Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы;

2) Өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтатын ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ;

3) «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ;

4) Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу;

5) «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» деп аталатын Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары;

6) Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі.

Көшпелілердің далалық мәдениеті, өлең-жыр өнері, ұшқыр ой, суырып салма «сөз барымтасы», «түн қатып жүріп түс қашырған» ерліктері, соғыс алаңын тітіркенткен «жорық жырлары», елім деп «еңіреп өткен ерлерінен» айрылғанда ағылатын «жоқтаулары» – түбі бір түркілердің атадан балаға мирас болып қала берген мәңгі мұрасы іспеттес. Олардың баршасы, айналып келгенде, – қазақтың, оның ұлттық мемлекеттілігінің бірегей рухымен, асқақтығымен, қиян-кескі тартыстарымен, біреу ұғып — біреу ұғынбас, бірі сезіп — бірі сезінбес ішкі ізденіс сауалдарымен, рәміздік һәм идеологиялық ерекше құбылыс кейпіндегі бүтін бір елдік пен ерлік симфониясы — Дала Дастаны түрінде көрініс береді.

«Рухани жаңғыру жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет

жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді» — деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

Жалпы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары бойынша 100-ге жуық іс-шара өткізілді. Университет Ректораты мен «Рухани жаңғыру» жобалық офисі ұйымдастырылатын іс-шаралардың мазмұны мен ауқымына үнемі үлкен мән береді. Іс-шаралар туралы мәліметтер желілік кестеге сай ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Рухани жаңғырудың» өңірлік жобалық офисіне жолданып отырады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзіне асырудың алғашқы кезеңінде атқарылған іс-шаралар алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар екендігін түсінеміз. Осы орайда Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің әкімшілігі мен ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы міндеттер мен бағыттар бойынша алдағы уақытта жүйелі түрде жұмыстарын жалғастырып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай төмендегідей іс-шараларды бірінші кезекте ескеруді қажет деп санайды:

— Қазақ жазуының латын графикасына көшуіне байланысты университетте жаңа әліпбиді үйретудің ғылыми-әдістемелік кешенін жасау; Облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, оның оқу-әдістемелік жабдықталуын қамтамасыз ету, оқытудың тиімді инновациялық тәсілдерін қалыптастыру және тағы басқа жұмыстарды жүргізу;

— «Туған жер» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламалары аясында 2019 жылдың маусым-тамыз айларында тарихи- этнографиялық, археологиялық, географиялық ғылыми экспедиция ұйымдастыру;

— «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде аударылған 17 оқулықты пәндердің оқу бағдарламаларына енгізіп, оқу процесінде тиімді пайдалануды кеңінен жүзеге асыруды; Елбасының бағдарламалық мақаласының өзегі – рухани кемел ел болу. Мемлекет басшысы: «Болашақта ұлттың табысты болуы – оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек» дегендей, заманға сай жаңғыру — баршамыздың міндетіміз.

Олай болса, Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары мынау дүние ғаламда талай соғыстарды басынан өткеріп, талай қанқұйлы жаулармен текетіреске түсті. Қаншама ғасырлар өтті, қаншама ұрпақтар жаңарды, бірақ, мақсат пен мүдде өзгермеді. Ол өзгермейтін мәңгілік мүдде мен мақсат мынау ұлан-байтақ қасиетті жерді қорғау еді. Сол асулары көп мақсат Қазақ хандығын тізгіндеген хандар мен батырлардың, кешегі ХХ ғасырдың басындағы Алаш ұлдарының ұлы арманына айналды.

Осы бір асыл арманды ақиқатқа айналдырудың зор құрметі біздің ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.

Біз әлемдік қоғамдастық лайықты түрде таныған өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық. Қазақстан өзінің оң жетістіктерін, өзінің іркіліссіз ілгері басуын жыл сайын әлемге паш етуде.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын ерекше атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің тұғыры – келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор болмақ. Әлем елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның даму үрдісі көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі, қазақстандық қоғамның басты байлығы – тұрақтылық пен этносаралық татулық болып табылады.

Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры, ҰҒА «Құрметті мүшесі», ф.ғ.д., профессор Ерболат Саурықов

Leave A Reply

Your email address will not be published.