«Абоненттік нөмір бос емес» деп айтатын ару кім? (ВИДЕО)

0 9

Kcll байланыс операторының бір кездегі қызметкері, абонент телефонын көтермей қойған кезде «Абоненттік нөмір бос емес. Кейінірек хабарласуларыңызды сұраймыз» деп айтатын арудың видеосы желіде тарап кетті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA 365info.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халық арасында танымал бұл сөзді дыбыстайтын арудың есімі — Марина Шарипова. Ол осы сөздің дыбысталу тарихын баяндап берді.

«Бұрын жүргізуші қызметін атқардым. Сөйлеу техникасымен де шұғылдандым. Сондықтан дикциям жақсы. Бір күні студияға достарыма көмектесу үшін ролик жазуға келдім. Сосын менің дауысымды базаға енгізді. Менің дауысым еліміздегі танымал байланыс операторына лайық болған соң, олар маған мәзірді дыбыстау мүмкіндігін берді. Көп жылдар бойы мен түрлі мәзірлерді дыбыстап келдім. Ал «Абоненттік нөмір бос емес» сөзі — тікелей менікі», — деді өз сөзінде Марина.

Маринаның айтуынша, осы сөзді Kcell байланыс операторына арнап осыдан 8-10 жыл бұрын жазыпты.

https://www.instagram.com/p/Bkis5vynVCO/?taken-by=maricherie

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.