Таразда 7 ұстаз дін ағымындағылар

0 1

Бұл мәселе Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесте қаралды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Білім бөлімінің басшысы Мубарак Жинақбаеваның айтуынша, қазіргі таңда, қаладағы 59 мектепте 7 педогог дін ағымында жүргендер. Олардың 3 – і Ислам бағытын ұстанса, 4 – і Иегово куәгерлері. Аталған ұстаздардың дінге сенім артқандарына ең азы 11 жыл болса, ең ұзағы 33 жыл болған. Бұл педогогтарға оқушы немесе ата – ана тарапынан ешқандай шағым болмаған. Діни сенімде жүрген бастауыш сынып, дене шынықтыру, математика, қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің мұғалімдері және педогог – психологтың атқарып отырған жұмыстары мектеп әкімшілігі мен білім бөлімінің қатаң бақылауында.

Ал, оқушыларға келер болсақ, ата — аналарының ықпалымен діни ағымдарға кірген оқушылар 144 болып отыр. Оның ішінде Ислам дінінде 62 оқушы, қалған 82 оқушы Адвентистер мен Иегово куәгерлері, Баптист және Субботниктер қатарында.

«Әр аптаның жұма күні ғибадат үйлеріне жақын орналасқан мектептерден кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Мешіттерге ата – анасынсыз келген мектеп жасындағы 10 жасөспірім ұсталды. Олар, оқумен қамтылмаған, жеке бастарын куәландыратын құжаттары жоқ. Сыған ұлттарының балалары мен № 4 өзбек мектебінің оқушылары. Бұл кезекте жедел түрде Өзбек мектебінің әкімшілігі мен жасөспірімдердің ата – аналары шақыртылып, тиісті профилактикалық жұмыстар атқарылды» — деді бөлім басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.