Шу ауданы әкімі ақпарат және байланыс қызметкерлері күнімен құттықтады

0 9

28-маусым ақпарат және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне орай Шу ауданы әкімі Қ.Ә.Досаев сала мамандарымен, ардагерлерімен кездесіп, келелі сұхбат құрды. Кәсіби мерекемен құттықтаған аудан басшысы жемісті жұмыс, телегей табыс тілеп, тізе қосып жұмыс жасауды жалғастыруға ынталы екенін жеткізді. 

Аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев те өз кезегінде құттықтауын арнап, ізгі тілегін жолдады.

Сондай-ақ сала ардагерлеріне естелік сыйлықтар табысталды. Аудан өмірін БАҚ бетінде насихаттап, осы бағытта білек сыбанып жүрген журналистерді, байланыс қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, мәслихат хатшысының өкімімен Құрмет грамотасы және Жамбыл облыстық «77ТV» коммерциялық телеарнасы директорының Алғыс хаты тапсырылды. 

Атап айтсақ, Аудан әкімінің Құрмет грамотасының иелері: 

1. Алпиева Назгүл Доқтырханқызы — «Шу аудандық баспасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің операторы;
2. Сұраншиева Күлжан Махтабекқызы — Шу аудандық пошта байланысты бөлімшесінің Бәйдібек пошта байланыс бөлімшесінің бастығы,
3. Дорофеев Сергей Владимирович — Оңтүстік өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы Шу аудандық бөлімшесінің кәбіл-дәнекерлеушісі.

Аудан әкімінің Алғыс хат иелері: 

1. Қартайған Ерғали Асхатұлы — Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің Шу ауданындағы меншікті тілшісі;
2. Оспанбеков Айтбек Жапарқұлұлы — «Шу аудандық баспасы» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің көлік жүргізушісі;
3. Төлебаев Ғани Темірғалиұлы — Оңтүстік өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы Шу аудандық бөлімшесінің электрмонтері.
Жамбыл облыстық «77ТV» коммерциялық телеарнасы директорының Алғыс хат иегері:
1. Чекаев Жұмахан Төлеуұлы — «Қазақстан-Тараз» телерадио корпорациясының Шу ауданы бойынша меншікті тілшісі.

Шу ауданының Құрмет грамотасының иелері:

1. Жексенбаева Сандуғаш Наурызбайқызы — Оңтүстік өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы Шу аудандық бөлімшесінің операторы
2. Шоколакова Мира Умельсқызы — «Шу аудандық баспасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кіші қызметкері

Сондай-ақ, Шу ауданы әкімдігі барша облыстық, аудандық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, қаламдары ұшталып, қағаздары тек жақсылық айдыны болсын деген тілек білдіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.