Жайнамазды тепкен спорт жаттықтырушысы жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

0 3

Таразда спорт жаттырушысы намазға тұрған бірнеше баланы күштеп алып кетті. Видео Instagram желісінде @taraz_life парақшасында жарияланды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Видео авторы оқиғаның Тараздағы спорт мектептерінің бірінде болғанын жазады. Жаттықтырушы балалардан бөлмеден шығуын талап еткен. Алайда намаз оқып тұрған шәкірттер оның сөзіне құлақ та аспайды. Ашуға мінген ұстаз балаларды балағаттап, жайнамаздарын теуіп, оларды желкелеп бөлмеден қуып шыққан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.