Балаға кәмпит беру ережелері

0 5

Кәмпитті ересектер де, балалар да жақсы көреді. Ел арасында «балаларға тәтті зиян» деген пікір қалыптасқан. Шынымен де, кәмпиттердің қандай пайдасы бар? Олар 95% көмірсулардан, яғни қанттан тұрады. Әрине, пайдасы өте аз. Бірақ балаларда тәттіге деген асқан құштарлық бар. Себебі ана сүтінің дәмі тәтті болып келеді. Мұны ғалымдар да байқаған: олар жаңа туған сәбилер тәтті дәмі бар сүтті рақаттанып ішкенін, ал аздап қышқылдау сүтті ішпеген.

Сондықтан сәби өсе келе де тәттіні жақсы көріп тұрады. Бірақ, уайымдамаңыз, одан адамның тәттіге деген әуестігі қалыптаспайды. Бастысы, ата-ана балаға кәмпит берерде бірнеше қарапайым ережені сақтау керек.

Балаға тамақ ішер алдында тәтті бермеңіз Кәмпитте пайдалы заттардың жоғы ешкімге құпия емес. Оның құрамында кальций де, дәрумен де жоқ. Кәмпиттен ләззаттан басқа ештеңе алмайсыз. Біріншіде, ол көзге ләззат: қызыл, сары, жасыл түстер немесе шар, жылан және т.б пішіндер.

Екіншіден, құлаққа ләззат: олар қытырлайды немесе пышылдайды. Үшіншіден, сезім түйсігіне ләззат: кәмпит тілге жұмсақ бола түседі, нуга резеңке сияқты созылады. Бірақ олар қанша тартымды болса да, бірінші ережені қатаң сақтау керек: кәмпитті тамақтан соң ғана жеген жөн. Егер бала кәмпитті тамаққа дейін жеп алса, ол аштық сезімін басып, тәбетін жоғалтып алады. Бала бұл ережені сақтауы үшін өзіңіз де кәмпитті тамаққа дейін жемеңіз. Бала кәмпит жеген соң оның тісін тазартыңыз Кәмпит тіске зиян ба? Тісжегінің пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді. Біріншіден, оның пайда болуына туа біткен бейімділік әсер етуі мүмкін.

Бір балалар тәттіні көп жесе де, оларда тісжегі болмайды. Ал басқалары тәттіні сирек жейді, бірақ өз құрдастарына қарағанда тіс дәрігеріне өте көп барады. Содан соң ауыз қуысы гигиенасы маңызды. Негізі әр кәмпиттен соң тісті жуу керек. Егер далада жүрсеңіз немесе жолда болсаңыз, балаға кәмпиттен соң қантсыз айран немесе сұйық йогурт беріңіз.

Егер бала 5-6 жаста болса, оған аз уақыт сағыз шайнатыңыз. Үшіншіден, баланың рационындағы қанты бар басқа да азық-түлікті бақылау керек. Мысалы, тәтті тоқаштар, қанты көп жемістер және т.б өнімдер де тісжегінің пайда болуына әсер етеді. Кәмпит тіске тұрып қалатындықтан, ол тісжегінің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Бірақ көріп отырғаныңыздай, тісжегінің пайда болуына әсер ететін басқа да факторлар бар.

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.