Құландағы кітапханаға QR-код тақтасы орнатылды

0 76

Құландағы орталық кітапханаға  QR-код тақтасы орнатылды. Игілікті бастама Тұрар Рысқұлов ауданындағы барлық ауылдық және мектеп кітапханаларында жалғасын табуда, — деп хабарлайды   «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «100 жаңа кітап» жобасын іске асыру мақсатында елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиялық заманауи үрдістен қалмай, барлық жастағы оқырмандардың кітапхана қызметін қолдануға түрткі болатын, кітапханаларда оқырмандарға қосымша ақпарат ұсынудың тиімді әдісі, сондай-ақ кітапхананың құзыреттілігін насихаттауда көмек үшін белсенді түрде QR -код тақтасы орнатылуда. Осындай игі шара Құландағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бастамасымен жүзеге асырылды.

Осындай жақсы бастама барлық ауылдық және мектеп кітапханаларында жалғасын табуда. Бүгінгі таңда 23 мектепте мобильді кітапхана тұрақты оқырмандарына ұсынылып,мамандар тарапынан пайдалану ережесі таныстырылуда.

QR -кодты қолдану үшін алдымен кітапхананың оқырмандары қолдарындағы смартфондарға QR-код сканерлеу бағдарламасын жүктеуі керек.

Одан соң тақтада орналасқан кітап мұқабасындағы QR-кодқа мобильді құралдың камерасын бағыттап, кітапты электронды түрде оңай жүктеп алуға болады.  Бұл қызметті кез-келген интернет және Wi-fi желісіне қосылған смартфон иесі қолдана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.