Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі болып тележурналист Данияр Асқарұлы тағайындалды , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
Данияр Асқарұлы 1993 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2014-жылы облыстық “Jambyl” телеарнасында тілші болып бастаған. 2020-жылға дейін жаңалықтар қызметінің редакторы, телеарнадағы бірқатар хабарлардың редакторы-жүргізушісі болды.
2020-2021ж. “TarazPost” ақпарат агенттігінің бас-редакторы.
Соңғы екі айда “QAZAQSTAN” ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.
ҚР журналистер одағының мүшесі.
Отбасылық жағдайы: үйленген, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.