Мойынқұмда 4 шаруашылық жаңбырлатып суғару технологиясын егізуде

0 2

Биыл Мойынқұм ауданына мемлекеттік бағдарламалар аясында 1,8 млрд теңге қаражат бөлініп, 8 жоба іске асуда. Сонымен қатар 5 662 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 788 гектарға сүр айдалды. Аудан аумағындағы 4 тоғанның 17,8 шақырымы механикалық тазалаудан өтіп, 22 гидро қондырғы орнатылды. Сондай-ақ 4 шаруа қожалығы жаңбырлатып суғару қондырғыларын енгізу үстінде. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков айтып берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ол жыл басынан бері кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан 529,6 млн теңге қаржы берілгенін де мәлімдеді. Нәтижесінде, «Еңбек» бағдарламасымен 18 адам 64,9 млн теңге шағын несие алса, 59 азаматқа 34,3 млн теңге өз кәсіптерін бастау үшін қайтарымсыз грант ретінде үлестірілген.

«Бизнестің жол картасымен» 31 кәсіпкер 430,4 млн теңге несие алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 4 жоба Аграрлық несие корпорациясы мен екінші деңгейлі банкке ұсынылды. Алайда, олардың кепілге қойған мүліктері талапқа сай келмей, кері қайтарылды», — деді спикер.

Ауданда тұрғын үй кезегіне 97 азамат тіркелген екен. Былтыр 4 қабатты жатақхананың екі қабаты ағымдағы жөндеуден өтіп 11 отбасына берілген. Қалғаны екі қабаты келесі жылы жөнделмек. Сонымен қатар қазір Мойынқұм ауылынды 2 пәтерлі 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2022 жылы қосымша 4 тұрғын үй салынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.