Шу ауданының күндері өтті

0 8

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайоблыс әкімінің бастамасымен қолға алынған Тараз қаласындағы аудан күндері жалғасуда. Бұл жолы облыс орталығында «Туған жерім — дархан далам» атты Шу ауданының күндері ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінен бастау алған шара барысында  қала тұрғындары мен қонақтары шулықтардың тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен жақын танысты.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев тараздықтармен бірге «Баласағұн»  концерт залында аудандық білім бөлімі ұйымдастырған балалар туындыларының және түрлі этностардыңұлттық көрмесін тамашалады.

Спорттық жарыстар да шараның көрігін қыздыра түсті.

Сондай-ақ, мүсінші Қ.Қораласбаевтың, суретші Б.Малдыбаевтың шығармаларының, аудандық өлкетану мұражайы, қолөнер туындылары мен кәсіпкерлер өнімдерінің көрмелері көпшілік назарына ұсынылды.

 Шу ауданының өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарлама мен  театрландырылған қойылымкөрермендерге әдемі әсер сыйлады.

Соңында облыс әкімінің «Ықылас гүлі» ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.