Шу ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

0 17

Бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өңірдегі ауыл шаруашылық еңбеккерлерін құттықтап, бірқатар марапаттар тапсырды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ауданның басымдық беретін дақылдарын өсіру, өңдеу ісін дамыту сияқты көптеген осы саладағы негізгі бағыттардың аяқ алысына, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерге қысқаша тоқталды.

2021 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында құны 70 млрд 123 млн 300 мың теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 53 млрд 204 млн 200 мың теңгеге, мал шаруашылығы 16 млрд 918 млн 900 мың теңгеге өнім өндірілді.

Ауданда былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал саны 55 167 басқа, қой-ешкі 386 800 басқа, жылқы 14 250 басқа өскен.

Қара жерді баптап, дән сеуіп егіс даласын ерекше күйге ендірген ауыл шаруашылығы қызметкерлері қашанда құрметке ие. Ауылды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету — бүкіл елімізді дамыту деген сөз. Осынау жауапты міндетті абыроймен атқарып, аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, отбастарыңызға амандық, еңбекте табыс және баянды бақыт тілеймін, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.