Тұңғыш Президент күні аталып өтті

0 1

Бүгін Елбасы күніне арналған салтанатты жиында аудан әкімі Нұржан Календеров аудан әкімдігінің мәжіліс залында, барша Шулықтарды мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтап, Елбасымыздың Тəуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы өлшеусіз еңбектеріне кеңінен тоқталды , – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

 

-1991 жылдың 1 желтоқсанында тарихта тұңғыш рет жалпы халық болып Қазақстан Президентін сайлаған қазақстандықтардың ерік-жігері бүгінгі күннің жарқын көрінісіне айналды. Елімізде бұл күн «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» болып бекітіліп, еліміздің барлық аумағында мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілуде. Осыған байланысты, баршаңызды осы атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын – деді Нұржан Сәбитұлы!

Жиын соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала қызметкерлерлеріне аудан әкімінің құрмет грамоталарын және алғыс хаттарын табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.