Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапары аясында бірқатар нысандардың, құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА .
Аймақ басшысы алдымен Түктібай ауылындағы «Злиха» шаруа қожалығының картоп плантацияларына барды. 2001 жылы құрылған шаруашылық бүгінде аяғынан нық тұрған. Биылғы жылы 70 гектар жерге картоп отырғызса, 100 гектарға арпа, 147 гектарға көпжылдық шөп еккен. Картоп сақтайтын қоймалар (сыйымдылығы 1132 тонна), мұздатқышы бар көкөніс қоймасы (600 тонна) салынған. Шаруашылыққа қажетті барлық техникамен қамтылған.
Бұдан соң облыс әкімі Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Таң» шаруа қожалығы 10 гектар жердегі жеміс-жидек бағында болды. Қожалықтың 1000 тонна жеміс-көкөніс сақтауға арналған 3 қоймасы бар. Бердібек Сапарбаев мұндай жобаларға жан-жақты қолдау көрсету керектігін атап өтті.
Өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде көкөніс қоймаларының санын және олардың қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Ол жауапты тұлғаларға әлеуметтік павильондар ашу, көкөніс қоймаларын салу жұмыстарын күшейтуді, аудан әкімдігі мен кәсіпкерлердің өзара әрекетін үйлестіруді тапсырды. Облыс әкімі тұрғындарға азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік жасау – басты мақсат екенін атап өтті.
Келесі кезекте Бердібек Сапарбаев осы ауылда салынып жатқан 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Мердігер – «Бином» ЖШС үйді келесі жылы тапсыруды жоспарлауда. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған.
Сондай-ақ, аудан орталығында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінң құрылысы жүруде. Мердігер – «Әділ-Құрылыс» ЖШС. Кешен көп функционалды болып табылады және түрлі спорттық секциялық жұмыс пен шараларды өткізуге бағытталады. Мұнда ойын және тренажер залдары, сауықтыру рәсімдерін өткізуге арналған кабинеттер, киім шешетін бөлмелер қамтылған.
Облыс әкімі мердігерге құрылыс қарқынын арттыруды, ал жауапты тұлғаларға жұмыс сапасын бақылауды тапсырды.
Аймақ басшысы А.Пушкин атындағы № 6 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Сұңқар 2002» ЖШС-нің жұмысын сынға алды. Қарасаз ауылындағы үш қабатты ғимарат 40 оқушыға арналып, 1977 жылы соғылған.
Облыс әкімі мердігерге құрылыс қарқынын күшейтуді, ал жауапты тұлғаларға жұмыс сапасын бақылауды тапсырды.
Аймақ басшысы А.С. Пушкин атындағы №6 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Сұңқар 2002» ЖШС жұмысын сынға алды. Үш қабатты ғимарат 1977 жылы Қарасаз ауылында салынды, 640 оқушыға арналған.
— Балалар тезірек жаңа, әдемі және жайлы ғимаратта оқуға асығып жүр. Біздің міндет – өскелең ұрпаққа қолайлы жағдай жасау. Осыны есте сақтаңыздар! Егер мердігер жұмысты осылай баяу қарқынмен жалғастыра беретін болса, онда шара қолдануға тура келеді. Бұлай болмайды. Жұмыс бригадаларының санын көбейту керек, – деп талап етті облыс әкімі.
Бердібек Сапарбаев Шақпақата ауылындағы ірімшік, май және басқа да сүт өнімдерін өндіретін сүт өндеу цехына да ат басын бұрды. Мұнда 5 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Цехта шетелден жеткізілген, сондай-ақ өздері жасаған қондырғылар орнатылған. Басшысы Еламан Пернешов шағын ғана аумақта құрылысқа қажетті темір, ағаш өңдеу бойынша да жұмыстарды қолға алғанын жеткізді.
Облыс әкімі ыңғайластырылған цех жұмысына жоғары баға беріп, олардың тәжірибесін облыс бойынша тарату керектігін атап өтті.
— Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жергілікті билік тұрғындардың осындай бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға көмектесуі тиіс, — деді аймақ басшысы.
Бұдан соң Бердібек Сапарбаев Шақпақата және Т.Дүйсебайұлы ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысымен танысты.
Өңір басшысы аудан активімен кездесуде жұмыс сапарынын қорытындылап, жауапты тұлғаларға халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.