Таразда «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл қою рәсімі өтті

0 8

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков, Қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының басшылығы, этномәдени орталықтардың мүшелері және тағы басқалар қатысты.

Айта кетейік, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылында дамудың даңғыл жолына түскен мемлекетімізбен бір Жамбыл облысы да толайым табыстарға қол жеткізді.
Киелі Әулиеата халқының саны 1 млн. 150 мыңға жетті. Өмір сүру ұзақтығы 63,5 жастан 71 жасқа ұзарды.

Бұл жылдары облыс бюджеті 222 есеге өсіп, 2,2 млрд, теңгеден 481 млрд.теңгеге өсті. Жамбыл жерінің өңірлік өнімі 0,8 млрд.теңгеден 2,4 мың есеге артып, 1901 млрд.теңге жетті.

Жұмыссыздық деңгейі 7,1 пайызға азайды. Тәуелсіздік жылдары облысымызға 3,2 трлн.теңгеге инвестиция құйылды.

Сондай-ақ, ауылдарда таза ауыз сумен қамту 4 есеге өскен. Тәуелсіздік жылдарының басында 67 ауылға ауыз су кірген болса, бүгінде 259 ауылымыз орталықтанған таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Газбен жабдықтау 9 есеге өсіп, 90 жылдардың басында көгілдір отын жаққан ауылдардың саны 27 ден, бүгінде 247-ге жетті.

Осы 30 жылдың ішінде 130 мектеп соғылып, облысымызда мектеп саны 469-ға жетті.
Денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы 170 есеге өсіп, 0,5 млрд.теңгеден 85,3 млрд.теңгеге көбейді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жемісті жалғасын табуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.