24 қаңтардан бастап оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

0 9

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейтін болады. Мұндай шешімді коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Білім беру ұйымдарының жұмыс алгоритмі келесідей.

Мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды.

600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептерде –толыққанды офлайн оқу.

600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту кезінде толымдық жобалық қуаттың 50%-ынан аспауы тиіс. Бұл жағдайда БҒМ 1-4 сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады.

5-11 сынып оқушыларына келер болсақ, мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, ауысымдар мен ішкі ауысымдардың жұмысын ұйымдастыру, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтініштерін ескеру ұсынылады.

Мектептерден тыс ұйымдардағы оқу: жеке сабақтар толыққанды офлайн форматта, 15 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) – жеке сабақтар мен 8 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде жүргізіледі.

Еліміздің колледждері мен ЖОО-ларында оқыту аралас форматта: практикалық, лабараторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.