Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

0 23

Бүгін Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған орай облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақынның 176 жылдығына арналған шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық, қалалық ардагерлер, қоғамдық Кеңестің төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері, ЖОО басшылары және тағы басқалар қатысты.

Жиналғандар тұлға рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, кеше Тараз қаласында тұлғаның туған күніне орай және облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына арналған дәстүрлі «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.